Бұл деректі Көліктегі полиция департаменті растады
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың басы дауға қалды. Желіде өнер иесінің үстінен іс қозғалды деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл деректі Көліктегі полиция департаменті растады. Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, қазақстандық эстрада жұлдызы ұшақта бұзақылық жасаған.
- Алматы-Астана әуе рейсінің бортында ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды және материалдар сотқа қарау үшін жіберілді, - деп түсіндірді департаменттегілер.
Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы бойынша денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Оқи отырыңыз:Шыдамның де шегі бар: Мақпал Исабекова желіде қатыгез бола алатынын айтты