Қош келдің, ұлым: Ерке Есмахан мен Раим сәбилі болды

23.11.2023 16:10

Бұл туралы Раим өзінің Instagram парақшасында жазды

Instagram/@raimusician

2023 жылдың қаңтарында шаңырақ көтерген жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Раим ата-ана атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. Сүйінші хабарды Раим өзінің Instagram парақшасында жазды.

- Аль-Хамду ли-Ллях! Қош келдің, ұлым!, - деп жазды әнші.

- "Құтты болсын, бауы берік болсын!",  "Аллаһ Тағала маған да Раймдай қайырлы ақкөңіл, иманды, аманатшыл жар, салиқалы ұрпақтар нәсіп етсін", "Алғашқы құттықтаушы болдым деймін", "Бауы берік болсын балапанның", "Өзіңдей елдің азаматы болсын!", - деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз: Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады