«Мүмкін, әлі уақыты келген жоқ шығар»: Арман мен Аша отбасылық өмірі туралы шындығын айтты

stan.kz
stan.kz
Қазіргі таңда Арман мен Аша екі қызды тәрбиелеп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Отандық шоу-бизнесте ең жиі талқыға түсетін жұлдызды жұптардың бірі – Арман мен Аша. Күні бүгінге дейін ерлі-зайыптылар туралы ел не демеді... Бірде ажыратты, кейін қайта қосты. Бірақ олар сырттағы сыни пікірге қанша сыр білдірмегенімен, соңынан түрлі қаңқу сөз таратқандардың әрекетіне қатты қынжылады. Бұл туралы «Алматы» телеарнасындағы Рaparazzi бағдарламасында қос өнерпаз жеке өміріне қатысты өз ақиқатын айтты.

«Бұл бақытсыз адамдардың тірлігі деп ойлаймын. Өздері бақытсыз бола тұрағ өзгенің бақытын көре алмайды. Өзгенің отбасында да ұрыс-керіс болсын деген ниетпен әдейі жазады. Бірақ мен бәріне бақыт тілеймін. Әр адам өзіне жауап берсін. Сондықтан бізде барлығы жақсы», – деді  Аша Матай.

Аша төркініне жиі барады, тіпті өзінің әке-шешесімен өткен әр бақытты сәтін бірден желіге жүктейді. Ал Инстаграмдағы суреттерге зер салсақ, Арманның отбасында, яғни ата-ене мен қайын жұртқа қызмет еткен естеліктері жоқтың қасы.  

«Біз барлығын Инстаграм желісіне салуға міндетті емеспіз деп ойлаймын. Кадрдан тыс жерлер бар, сөз-көз деген бар, біз отбасымызды ондайдан әрине, аулақ ұстағымыз келеді », – деді әнші.

Ал Арман жеке өмір, ене мен келін арасындағы қарым-қатынасқа қатысты сансыз сауалдардан әбден шаршаған. Бұдан былай Қоңырбаев отбасы жөніндегі ақпараттарды құпия ұстауды құп көреді.

«Инстаграм желісі арқылы да  жеке өмірге қатысты көп сұрақтар қояды. Мен қазіргі уақытта ол сұрақтарға жауап бергім келмейді. Мүмкін, әлі уақыт келген жоқ. Түрлі жағдайлар бар, оны айтпауға, сол үшін бұл жеке өмірім. Басқа салалар болсын, бизнес, шығармашылық оған жауап беруге дайынмын. Бірақ отбасым, әке-шешем, тағы басқа туралы айтқым келмейді. Түсінесіздер, әр адамның жеке өмірі болуы керек. Бірақ жалпы, барлығы жақсы, Аллаға шүкір!» – деді А. Қоңырбаев.

Қазіргі таңда Арман мен Аша екі қызды тәрбиелеп отыр. Келешекте ол отағасына атұстар сыйлауды армандап жүр. Ал жүктілік кезеңінде шектен тыс салмақ қосқан бикештің қазіргі дене сымбаты көңіл қуантарлықтай.

«Артық салмақ болды, бірінші жүктілік кезеңінде 32 келі жинағанмын, тіпті шектен тыс салмақ қостым. Кәдімгідей домаланып, томпаңдап жүрдім ғой. Екінші жүктілік кезеңінде 18 килограмм қостым. Бірақ одан қазір арылдым, өзімді жеңіл сезінемін. Өзімді сенімдірек және бақытты сезінемін», – деді Аша Матай.

Аша мінсіз мүсінді қайта қалпына келтіру үшін біраз тер төккен. Оның айтуынша, диета, дұрыс тамақтану, жанның тыныштығы – салауатты өмір салтының айқын көрінісі!

Новости партнеров