Алдын-ала ескертпей фонограммамен ән айтқан әншілер заңмен жазаланатын болды

ceur.ru
ceur.ru
Барлық жарнамалық өнімдерде және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Фонограммаларды пайдалану тәртібі заңға тәуелді актіде айқындалатын болады. Бұл туралы  Мәжілістің жалпы отырысында ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке

Бүгін Мәжілісте «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Осы заң жобасында

«Концерт, ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде туындайтын бірқатар проблемалар бар. Орындаушылар тарапынан концерттер өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнада мас күйінде өнер көрсету үрдіс орын алып отыр. Сондай-ақ, жоспарланған концерттерді бұзу, әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау, көрермендерді хабардар етпей фонограмманы пайдалану фактілер болды», –  дейді Ақтоты Райымқұлова.

Оның айтуынша, осы орайда заң жобасы аясында орындаушылардың осындай мінез-құлық көрсетуіне жол бермеу үшін бірқатар міндеттемелерді енгізу арқылы бұл мәселелерді реттеуге тырысқан.

«Олардың ішінде маңызды нормалардың бірі – музыкалық шығармаларды орындаушылардың фонограммаларды қолдануы туралы көрерменді хабарлау. Фонограммаларды пайдалану тәртібін заңға тәуелді актіде айқындалатын болады. Барлық жарнамалық өнімдерде және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі. Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді және билеттің құнына да әсер етеді», – деді министр.

Новости партнеров