Баян Алагөзова отбасымен АҚШ-та жүр

08.05.2024 16:28

Instagram парақшасында фотосуреттер топтамасын бөлісті

instagram/bayanmaxatkyzy

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова 7 мамырда АҚШ-қа саяхаты кезінде түскен фотоларын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі іnstagram парақшасына сілтеме жасап.

Ол Instagram-дағы парақшасында фотосуреттер топтамасын бөлісті.

"Америкаға саяхат", - деп жазды Баян Алагөзова.

Қазақстандық продюсер Hollywood Walk of Fame аллеясында әнші Майкл Джексон атындағы тротуардың фонында және Голливудтағы басқа да орындарда фотоға түскен.

Сондай-ақ мұхитқа қарап түскен фотоларының бірінде оның күйеуі мен анасы бар.

Оқи отырыңыз: Қайрат Нұртастың анасы Жұлдыздың орны бөлек екенін айтты