Imanbek әлемдік деңгейдегі тағы бір жүлдені жеңіп алды
коллаж, источник billboard.com
«Roses» композициясына жазған ремикс нұсқасы Top Dance/Electronic Song номинациясы бойынша жеңімпаз атанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Отандасымыз диджей Иманбек Зейкенов әлемдік деңгейдегі музыкалық сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін таңертең АҚШ-та әлемдік дәрежедегі Billboard Music Awards сыйлығының табыс ету рәсімі өтті. Музыкалық бәсекеде Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) «Roses» композициясына жазған ремикс нұсқасы Top Dance/Electronic Song номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ол туралы Billboard Music Awards сыйлығының ресми сайтында жазылған. Одан бөлек, қуанышты хабарды диджей өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
«Billboard Music сыйлығын алдым, бұл дәл Грэмми сыйлығы секілді»,– деп жазды ол.
Еске сала кетейік, биыл наурызда Иманбек жоғарыда аталған музыкалық туындысы үшін әйгілі «Грэмми» ұтып алған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40