Галкин Димашқа пародия жасаған актрисаны қатты сынады

стоп кадр
стоп кадр
Ресейлік актриса шоу аясында Димаш Құдайбергенге ұқсатып грим жасап, "Любовь уставших лебедей" әнін орындап шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейлік "Точь-в-точь" телешоуында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге пародия жасалды. Оны танымал актриса Валерия Ланская сомдады. Алайда қазылар алқасына актрисаның өнері ұнамаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ресейлік актриса шоу аясында Димаш Құдайбергенге ұқсатып грим жасап, "Любовь уставших лебедей" әнін орындап шыққан. Ланскаяның өнеріне актер Леонид Ярмольник, Максим Аверин, Михаил Боярский және Максим Галкин баға берген.

Алғашқы үш қазы "Димашқа" жоғары балл - бестікті қойған. Алайда Галкин Ланскаяның өнері сәтсіз шыққанын айтты. Ол актрисаның "Димаштың феномен дауысын жеткізе алмағанын" айтып, оған үш балл қойды.

«Мені кешіріңіздер, әрине. Бірақ бұл сұмдық, масқара болды! Жоғары ноталарды алу үшін төменгі дауыспен "түйіліп" қалуға болмайды ғой. Димаш Құдайберген - ерекше. Мен бұл образды таңдауға кеңес бермес едім. Сен өнер көрсеткенде, ноталарды алған кезде қатты уайымдадым. Ол төменнен жоғары дыбысты алған кезде еркін болады. Бастысы, Димашта дауысын басқару еркіндігі бар. Димашта бес октава бар, бірақ ол солармен ары-бері, дельтаплан сияқты ұшып жүреді. Бастысы - нота», – деді Галкин.



Новости партнеров