Алматылық тиктокер түскен Comedy Club шығарылымы желіге шықты

24.10.2021 17:41

ТНТ телеарнасының эфирінде Хомяк лақап атымен танымал қазақстандық тиктокер Алина КИМ өмірі мен блогерлік ісі туралы айтып берді

kaz.tengrinews.kz

Желіде қазақстандық TikTok жұлдызы қатысқан Comedy Club шоу-бағдарламасының шығарылымы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ТНТ телеарнасының эфирінде Хомяк лақап атымен танымал қазақстандық тиктокер Алина КИМ өмірі мен блогерлік ісі туралы айтып берді. Онымен осы кешке Бексұлтан Қазыбек келді, ол Yolo House компаниясының бас продюсері.

Әзілкештермен әңгімеде Хомяк әзірге өзінің жеке көлігі мен үйі жоқ екенін айтты. Алайда жақын арады бәрі болатынына сендірді.

Comedy Club-тың толық нұсқасын TNT телеарнасының ресми ресурстарынан көруге болады.

Тиктокердің шоу кезінде жүргізуші Павел Воля мен Гарик Харламовпен түсірген видеосы қазір тоғыз миллионнан аса қаралым пен 1,5 миллион лайк жинаған.