63 жастағы Роза Рымбаева дайвингпен айналысты

Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы әншінің баласы Әли Оқапов «PAPARAZI» бағдарламасында айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таяуда ғана шекара асып Мысырда демалып қайтқан Роза Рымбаева отбасымен Отанына оралды. Халық әртісі бұл саяхатқа қос ұлы мен келінін және құдағиын ертіп барған еді. Жұлдызды отбасының оқырмандары сапарындағы әр сәтке әлеуметтік желіде қызыға қарады. Әсіресе, 60-тан асқан Роза Қуанышқызының Қызыл теңіздің түбіне түсіп, дайвингпен емін-еркін айналысуы көпшілікпен таңғалдырды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бұл туралы әншінің баласы Әли Оқапов PAPARAZI бағдарламасында айтты.

«Бізден гид кім дайвингке барады деп сұрағанда анам «Мен барамын!» деді. Мен таңғалдым. Өйткені анам біріншіден, 18 жастағы қыз емес, екіншіден бұл өте күрделі спорт түрі. Оған алдын-ала өте көп дайындық жасау керек. Біз теңіздің жағасына барғанда анам бас тартатын шығар деп ойлағанбыз. Алайда, анам қауіпсіздік ережелерін мұхият тыңдап, аквалангасын иығына асып, бетпердесін тағып су астына кетті. 15-20 минуттай жүзді. Біз анамызды ержүрек, сондай батыл кісі деп ойлаймыз. Мұндай батылдығын көрмегелі көп болған еді»,  деді халық әртісінің ұлы Әли Оқапов.

Алғашында бұл саяхат жұлдызды отбасының жоспарында болмаған. Ойда-жоқта Әли Оқапов ұсыныс тастап, турдың басталуына бір апта қалғанда жақындарына жолдаманы сыйға тартқан.


Новости партнеров