|
17.09.2024 | 11:48
94

Адамгершілігі бір бөлек: Димаш Құдайберген құтқарып қалған оператор алғыс білдірді

Оператор жігіт парақшасында арнайы видео жариялады

Адамгершілігі бір бөлек: Димаш Құдайберген құтқарып қалған оператор алғыс білдірді kudaibergenov.dimash/ instagram

Астанада өткен жеке концертінде Димаш Құдайбергеннің сахнадан құлайын деп тұрған оператор жігітті "құтқарып қалған" сәті видеоға түсіп қалған. Сол оператор жігіт әншіге алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Иә, барлығыңыз көргендей, бұл жағдайдағы оператор жігіт мен боламын. Сахнаның шетінде тұрғанымды байқап, ұстап қалуға тырысқан Димаш ағаға рақмет! Алла әр кез өзіңізге жар болсын! Ал құрметті мобилограф, видеографтар жұмысымызда барынша сақ болайық!" - деп жазды Нұрасыл Бектұрғанов есімді оператор жігіт әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оператор жігіт парақшасында арнайы видео жариялап, Димаш Құдайбергенді белгілеп, рақметін айтқан.

"Иә, оның әншілігі мен талантына сөз жоқ. Бірақ оның адамгершілігі бір бөлек әлем", - деп жазды ол видеода.

Оқи отырыңыз: Сөз сүйектен өтеді: Жахан Отарғалиев өзіне екі айда үш ота жасалғанын айтты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир