Димаштың Алматыдағы концертіне билет сатыла бастады

15.07.2022 17:53

Әнші 23 қыркүйек күні Алматыда алғаш рет жеке концертін өткізеді

dimashnews.com

Әнші Димаш Құдайберген 23 қыркүйек күні Алматыда алғаш рет жеке концертін өткізеді. Билеттер онлайн сатыла бастады. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Алматыда Димаш Құдайбергеннің көптен күткен «STRANGER» атты жеке концерті 2022 жылдың 23 қыркүйегінде өтеді. Билеттер ticketon.kz сайтында қол жетімді. Сілтемесі биода", – деп жазды ол.

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайберген күзде Қазақстанда өтетін концертіне дайындығы туралы «23 қыркүйекте өтетін концертте сіздерді не күтіп тұрғанын білмейсіз» деп жазған еді.