|
01.06.2022 | 12:08
3254

Бала кезіндегі суреттері: Қазақ жұлдыздары қалай өзгерді

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

Бала кезіндегі суреттері: Қазақ жұлдыздары қалай өзгерді Almaty.tv

Бүгін - Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай елімізге танымал қазақстандық жұлдыздардың бала кезіндегі суреттерін ұсынамыз, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның алтын дауысы, әнші Мейрамбек Бесбаев 1976 жылы 8 қарашада Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген. Мейрамбек - бала кезінен ел алдында келе жатқан санаулы таланттардың бірі.

Суреттер: instagram.com/m_besbaev

Қазақстанның эстрада әншісі, актриса Айгүл Иманбаева. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. 1977 жылы 15 наурызда Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылында дүниеге келген.

Суреттер: instagram.com/aigul_imanbayeva

Актер, әнші, композитор Нұрлан Әлімжанов - 1984 жылы 29 сәуірде Көкшетау облысы Бурабай ауданында дүниеге келген. "Елбасы жолы" фильміндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың жас кезіндегі рөлімен танымал.

Суреттер: instagram.com/nurlan_alimzhanov_official

Қабдол Тілеков - Меховая 8/1 тобының әншісі, жайдарманшы, әзілкеш. Мына бір кадр Қабдолдың 1-сыныптағы суреті.  

Суреттер: instagram.com/kabdol

Меховая 8/1 тобының тағы бір мүшесі - Нұрболат Қанай. Ол Қазақстанда жеке әнші, музыкант ретінде де танымал.  

Сурет: instagram.com/qanay.913

Анар Батырхан - Instagram-да әзіл-сықақ видеоларының арқасында танымалдыққа ие болған жас қазақстандық актриса. 1992 жылы 19 маусымда Талдықорғанда дүниеге келген. Қазір тележүргізушілікпен айналысады. 

Суреттер: instagram.com/anarabatyrkhan

Актер, әзілкеш Мақсат Мамраимов 1986 жылы 8 қазанда дүниеге келген. Қазақстандық актер, сценарист, продюсер.

 Мына бір кадрлар көпшілікке "Шмән апа" образымен таныс Ерболат Төлегеннің бала кезі.  

Суреттер: instagram.com/erbolat_tolegen

Төреғали Төреәлі 1992 жылы Қызылорда облысындағы Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Ол халыққа әуелі айтыскерлігімен танылды. Кейінірек әншілікке бет бұрып, хитмен атанды. Төреғалидің "Іздеме", "Қазақ қызға үйленем", "Алло", "Бол жанымда" сынды танымал әндері бар.

Суреттер: instagram.com/toregalitoreali

Динара Сұлтан - қазақстандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызы. Superstar KZ отандық жобасына қатысып, таныла бастаған. China town тобының солисі болады, "Жаңа толқын" және басқа да сәтті жобаларға қатысады. Ал мына бір сурет 1992-1993 жылдары түсірілген.

Сурет: instagram.com/dinara_sultan1

Сәкен Мағазиев - қазақстандық танымал әнші, МузАРТ ансамблінің солисі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. Ол 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы Созақ ауданында дүниеге келген.

Суреттер: instagram.com/saken_maigaziyev

Танымал актер Еркебұлан Дайыров 1986 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасазда туған. "Бауыржан Момышұлы", "Анаға апарар жол", "Қазақ елі", "Жұлдыздар тоғысқанда", "Тараз", "Алтын орда" секілді бірқатар фильмде ойнаған. Қазір жаңа телехикаялардан жиі көрініп жүр.

Сурет: instagram.com/erkebulan_dairov

Мына суретте әнші әрі сазгер Дидар Кәден бала кезінде және оның ұлы. 

Баян Мақсатқызы - танымал продюсер, Shine Production компаниясының басшысы, тележүргізуші, актриса, әнші. Ол 1974 жылы 9 қаңтарда Оралда дүниеге келген. 2006 жылдан бері КешYOU тобының продюсері. Оның басшылығымен көптеген әншінің жұлдызы жанды. 

Суреттер: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Дереккөзі: Tengrinews.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир