|
06.11.2021 | 14:28
3794

Димаш Billboard чартында үздік 10 әншінің қатарына енді

Өткен аптада «Fly Away» ең трендтегі әндердің алғашқы жиырмалығына еніп, 19-шы орынға ие болған еді

Димаш Billboard чартында үздік 10 әншінің қатарына енді ашық дереккөз

Димаш Құдайбергеннің «Fly Away» әні Billboard's Hot Trending Songs хит-шеруінде 6-орынға шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Billboard's Hot Trending Songs – «Billboard» атты америкалық музыка журналының жаңа чарты. 

Бұл чарт әншілердің әні мен есімі Twitter қолданушыларының арасында қанша рет аталғаны бойынша рейтинг түзеді. Ал Billboard журналы жаһандағы музыкалық тенденцияларды және олардың нақты уақытта қалай талқыланып жатқанын бақылайды. Осыдан кейін бақылау қорытындысын басқа чарттардың нәтижесімен бірге жариялайды.

Өткен аптада «Fly Away» ең трендтегі әндердің алғашқы жиырмалығына еніп, 19-шы орынға ие болған еді. Осы аптаның қорытындысы бойынша Димаштың композициясы Twitter-дегі ең көп айтылатын және талқыланатын әндердің ондығына кірді. 

Осылайша бір аптаның ішінде 13 сатыға көтеріліп, 6-орынға шықты. Димаш «Fly Away» композициясын алғаш рет 24 тамызда «Новая волна» фестивалінде ұсынған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир