Скриптонит Apple Music нұсқасы бойынша Ресейдегі ең танымал әртіс атанды

04.12.2020 19:32

Үздіктердің қатарына тағы бір қазақстандық әнші енді

kuda-sochi.ru

Қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов Apple Music нұсқасы бойынша Ресейдегі ең танымал музыкант рейтингіне енді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Рэпер Скриптонит платформадағы алғашқы үштікке енді. Одан кейін MORGENSHTERN, Zivert сынды ресейлік әншілер тұр.

Сонымен қатар, үздіктердің қатарына тағы бір қазақстандық әнші енді.

Жылдың ең танымал әні рейтингінде "Комета" әнімен JOHNNY тұр. Тізімнен NILETTO ("Любимка"), The Weeknd (Blinding Lights), GAYAZOV$ BROTHER$ ("Увезите меня на Дип-хаус"), Zivert (Credo), MORGENSHTERN & Элджей (Cadillac), Tones And I (Dance Monkey), Artik & Asti (Девочка танцуй), қазақстандық The Limba & Andro (X.O), HammAli & Navai ("Прятки") әндерін көруге болады.

Сонымен қатар, Shazam қолданушылары әлемде және Ресейде биыл аустралиялық әнші Tones And I. С-дің I. dance Monkey әнін қосымша арқылы 24,6 миллион рет іздеген. Бұл Shazam-дағы абсолют рекорд болып саналады.