|
18.03.2021 | 12:28
41044

Иманбек пен Селена Гоместі не байланыстырады

Күні кеше Иманбек «Roses» әніне жазылған ремиксі музыка саласындағы ең жоғары марапатқа ие болды

Иманбек пен Селена Гоместі не байланыстырады Almaty.tv

Иманбек Зайкенов танымал әнші, актриса Селена Гомеспен бірге ән жазғысы келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы музыкант ENERGY радиосына берген сұқбатында айтты.

Күні кеше Иманбек «Roses» әніне жазылған ремиксі музыка саласындағы ең жоғары марапатқа ие болды. Жеңістен соң музыкантқа әлемнің түпкір-түпкірінен бірге жұмыс істеуге түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Танымал өнер жұлдыздарымен ән жазып жүрген Иманбек енді американдық әнші, актриса Селена Гомеспен бірге ән орындағысы келетінін айтты. Эфир барысында гитара шерткен музыканттың әуенін продюсері Кирилл Dzham  Селенаға арналатынын айтып қалды. Мүмкін еместей көрінген «Грэммиді» жеңген Иманбектің енді Гомеспен дуэтін күтеміз.

Айта кетейік, Иманбек 9-сәуір күні Шон Пол және Латын Америкасының әншісі София Рейеспен бірге «Dancing on dangerous» атты жаңа тректің тұсауын кеспек.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир