Ресейдің «Голос» ән байқауында Әлішер Кәрімов пен Ернар Садырбаев (Әміре) жекпе-жек кезеңінде жеңіске жетіп, «нокаут» кезеңіне өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Градский тобындағы Әлішердің баттлы мықты болды. Ол қазақ эстрадасындағы табиғи дауыста ән сала алатын талант екеніне көз жеткізді.
«Әлішердің орындауын сөзбен жеткізу қиын, әлемдік орындаушылармен бір қатарға қоюға болады. Аз уақытта тембрі мен даусының күшін көрсеткеніне таң қалам. Әлішер – ғажап музыкант», – деді Дима Билан.
YouTube арнасындағы пікірдің бірі:
«Керемет орындау! Керемет өнер! Екі орындаушының да дауысы өте әдемі. Бір-біріне үйлесім тапқан. Әлішердің даусы өте керемет. Ол осы маусымның ең мықты қатысушыларының бірі» – деп жазды әншінің жанкүйері.
Сондай-ақ, Дима Биланның тобында өнер көрсеткен Amre қарсыласынан бір бас жоғары болды.
Тыңдармандар Ернарды да, Әлішерді де фаворит санап, өнерін бағалауда.
«Ернардың даусынан өте керемет әсер аласын. Ол осы жобаның ең жарқын қатысушысы», – деді Ернардың тыңдарманы.