Танымал продюсер экс-күйеуімен болған қайғылы оқиғаны еске алды
Продюсер Баян Мақсатқызы экс-күйеуімен болған қайғылы оқиғаны еске алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, оқиға әуежайдан келе жатқанда көлікте болған.
- Әуежайдан соң Тұрсын өз әйелімен сөйлесуге үйіне кетті. Ал мені сол түні қызым құтқарды. Әуежайда тұрғанда оған хабарласып, "аз уақыттан соң үйде боламын, таксиге отырдым" деп хабарластым. Бұл оқиға болмағанда 40 минутта үйге жететінім белгілі ғой. Экс-күйеуім жиенімен бірге келді де, мені отырған көлігімнен басқа көлікке отырғызды. Әрі қарай зорлық-зомбылық көрсетті, 2 сағат бойы қорлық көрдім. Жиені бір нәрсе дұрыс емес екенін сол кезде біліп, өз анасына, яғни экс-күйеуімнің апасына хабарласты. Ал анасы қызым Айсәулеге айтқан. Айсәуле маған, әкесіне соққан, хабарласа алмаған. Сөйтіп, Талғар трассасынан бізді табады. Келіп, көліктің есігін ашайын десе, жабық болған. Аяқ киімімен, көліктің терезесін сындырып, мені алып шықты. Келе жатқанда Айсәуле жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне соғып, бәріне хабарлаған. Мені алып шыққанда ол жерге екеуі де келді. Сөйтіп, ауруханаға апарды, - деді ол.
Оқи отырыңыз:Баян Алагөзова отбасымен АҚШ-та жүр