|
25.07.2021 | 12:41
8793

Қазақстанда электронды музыканттарға арналған І халықаралық онлайн-форум өтеді

Қазақстанның дарынды жастары биік шыңдарды бағындыра алады! – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда электронды музыканттарға арналған І халықаралық онлайн-форум өтеді

Онлайн форматта өткелі жатқан форумда тұңғыш рет музыка нарығының үздік спикерлері бас қоспақ. Ресей, Украина, АҚШ және Еуропа елдерінің  әйгілі диджейлері, саунд-продюсерлері, A&R менеджерлері, промоутерлер, радиостанциялар мен теледидар өкілдері, креативті индустриялар басқарма өкілдері, электрондық және заманауи музыка фестивальдерін ұйымдастырушылар UYA Forum онлайн-алаңына жиналмақ, деп хабарлайды Almaty.tv

«UYA Forum 2021» дарындылардың жолынан кедергілерді алып тастайды және музыка өнерін жаңадан бастаушыларға көмек береді. 

Форумның мақсаты – Қазақстандық электронды музыканттар мен саунд-продюсерлерді бір ортаға біріктіру . Осы салада әлемнің үздік спикерлерінен білім алуға  мүмкіндік жасау.

Іс-шара Алматыда 28-29 шілде, сағат 12:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Музыканттар сапалы білім мен дағдыларды тегін алады.

«Біздің қауымдастық жас таланттарды қолдау үшін құрылған. Біз жаңа ұрпақтың музыка саласында қарқынды дамуы үшін жұмыс істейміз. Басты мақсатымыз – Қазақстаннан көбірек жаңа есімдердің және  хиттердің әлемдік сахналардан көрінуіне жағдай жасау», – делінген хабарламада.

Онлайн-форум аясында қозғалатын  тақырыптар:

● Музыкалық жобаны дамыту негіздері

● Музыканы Қазақстанда және одан тыс жерлерде қалай насихаттауға болады?

● Шетелде музыка индустриясы қалай жұмыс істейді?

● Халықаралық лейблдермен,  паблишерлермен  байланыс және коммуникация.

● Музыканы монетизациялау: әртіс болғысы келген адам  табыс табу үшін істі  неден бастауы керек?

● Иманбектің жетістістігінің тарихы және оның әлемге әйгілі әртістермен жұмыс тәжірибесі.

● Алматыдағы музыкалық экожүйені дамыту және оны бүкіл Қазақстанға масштабтау.

● Бірінші турды қалай ұйымдастыру керек және ең үлкен музыкалық фестивальдарға қалай  қатысуға болады?

● Қазақстандағы креативті экономиканың дамуы.

● Музыка жазу бойынша мастер-кластар және басқа да тақырыптар.

Форумға қатысушылар мен спикерлер: диджей және саунд-продюсер Иманбек Зейкенов  (Imanbek) , сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ және Еуропа елдерінен басқа да  спикерлер. (Толық спикерлер тізімі форумның әлеуметтік желілерінде бірнеше кезеңмен жарияланатын болады).

UYA  Forum 2021 - ҚР Үкіметі мен Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы креативті индустрияларды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің қолдауымен өтуде.

Тіркеу сілтемесі мен онлайн-форумның толық бағдарламасы ресми @uya.qazaqstan инстаграм аккаунтында қол жетімді.

Біздің Telegram каналымыз: https://t.me/uyaqazaqstan

Қосымша материалдар және БАҚ аккредитациясы: Руслан Абдуажитов abduazhitovr@mail.ru +7 708 103 7445

Ұйымдастырушылар: 

Форум директоры Салауат Амет  salauat.amet@gmail.com +7 707 981 7175

Стратегия жөніндегі директор Владислав Шнырёв  +7 707 771 02 71

Мастер-класс бағытының жетекшісі Муса Алиев +7 707 532 22 05

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир