|
14.02.2021 | 14:37
8131

Rita Ora Иманбек туралы: ол –​ өте дарынды музыкант

Сұқбат барысында әнші Иманбекпен жақын арада жүздескісі келетінін айтты

Rita Ora Иманбек туралы: ол –​ өте дарынды музыкант mfm.ua

Rita Ora неге Иманбекпен трек жазуды ұйғарғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы әнші ENERGY радиосына айтып берді.

Сұқбат барысында әнші Иманбекпен жақын арада жүздескісі келетінін айтты.

«Бұл  таңғаларлық жағдай! Менің ойымша, ол  өте дарынды музыкант. Басында сенбеген едім. «Уау – бұл мен ғой!» деп ойладым. Ең кереметі – бізде бірнеше трек жасауға мүмкіндік болды. Біз бәрін Интернетте жасадық. Бірақ жақын арада Иманбекпен бір бөлмеде отырамыз деп үміттенемін», – деді әнші.

Радио жүргізушілері Иманбекпен де әңгімелесті.

Олар Иманбектен Rita Ora екеуі ән жазғанда еркелік болды ма деп сұрады.

«Иә, шынымды айтсам, «The one» әнін бірнеше рет жаздық. Менде бұл әннің көп нұсқасы бар, бірақ соңында қазір барлық алаңда жүктелген түріне тоқталдық», – деді қазақстандық диджей.

Кейін радиожүргізушілер одан ата-анасы «Грэмми» туралы не ойлайтынын және оның не екенін біле ма, деп сұрады.

«Қазір «Грэмми» «Оскар» сияқты екенін, бірақ «Оскар» актерлер үшін, ал «Грэмми» музыканттарға екенін біледі. Шынымды айтсам, олар шок болды, мен де», – деді музыкант.

Кейін диджей Рита Ораны қашаннан бері білетінін айтып берді.

«Мен бұл әншіні 2014 жылдан бері білемін. Оған көзқарасым өте жақсы. Мен оның жанкүйерімін. Ал енді омен коллаб жаза аламын, ғажап! Бұл  арман», – деді Иманбек.

Соңында жүргізушілер одан өз шығармашылығына баға беруін сұрады.

«Менің ойымша, бәріне бірдей жаға бермейсің. Маған өзімнің музыкам ұнайды, қазір музыкамды көпшілік алдында тыңдаудан тартынбаймын. Мен жазатын стильдің жанкүйерлері бар, олар музыкамды тыңдап, мен сияқты ләззат алады», – деді музыкант.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир