Димаш Құдайберген жаңа акция жариялады

Яндекс.Дзен
Яндекс.Дзен
Ол экономикалық және әлеуметтік дамуға жәрдемдесу үшін азық-түлік көмегін пайдаланады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген дизайнер Майкл Корспен бірге аштық мәселесімен күреседі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Орындаушы БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасын қолдау арқылы бүкіл әлемдегі аштық проблемасына адамдардың назарын аударғысы келеді.

«Мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының "MichaelKors #FoodIsLove" жобасын қуана қолдаймын. Олардың балаларды тамақтандыру арқылы әлемдегі азық-түлік мұқтаждығын жою бағытындағы миссиясы маған жақын. Бұл әсіресе пандемия кезінде өзекті болып тұр», – дейді әнші.

Димаш, сондай-ақ, сатылған әрбір "Love" футболкасынан түскен барлық қаражат ұйымды қолдауға көмектесетінін айтты.

«Сатылған әрбір "Love" футболкадан түскен қаржы түгелдей Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына аударылады. Маған оларға қолдау таныту үшін сіздердің көмегіңіз қажет. Футболкамен суретке түсіп #WATCHHUNGERSTOP және @michaelkors-ті тегтеңіз. Әр пост пен сторис үшін "Michael Kors" БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына 50 адамға арналған түскі ас бөледі!» – дейді ол.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (World Food Programme (WFP) - әлемдегі ең ірі гуманитарлық ұйым, ол жылына 4 миллион тоннаға жуық азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Ұйым 1963 жылы БҰҰ жүйесінде азық-түлік бойынша көмек көрсету агенттігі ретінде құрылды.Оған дамушы елдердегі кедейлерге көмектесу, аштық пен кедейлікпен күресу міндеті жүктелген. Ол экономикалық және әлеуметтік дамуға жәрдемдесу үшін азық-түлік көмегін пайдаланады.

Новости партнеров