|
21.02.2022 | 10:05
2176

Асылбек Боранбай: TikTok House-2 телехикаясында үлкен мән бар

TikTok House-2 сериалы 21 ақпаннан бастап «Алматы» телернасынан кешкі сағат 22:15-те көрсетіледі

Асылбек Боранбай: TikTok House-2 телехикаясында үлкен мән бар

Сүйікті киіпкерлеріңіз қайта оралмақ. Көпшіліктің сұрауы бойынша TikTok House телехикаясының 2-маусымы түсірілді. Комедия жанрында түсірілген бұл туындының 1-маусымы Үoutube арнасында бір аптаның ішінде 1 миллионнан астам қаралым жинап, көрерменнің көңілінен шыққан болатын. Ал 2-маусым несімен қызықты, сериалда қандай өзекті әлеуметтік мәселелер қозғалады? Бұл туралы TikTok House-2 телехикаясының актеры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Асылбек Боранбай «Алматы» телеарнасы «Таңғы STUDIO» бағдарламасында айтып берді.

«Маған TikTok House-2 сериялының сценарийі қатты ұнады. Мұнда үлкен мән бар. Қазіргі қоғамдағы түйткілді проблемалардың бәрі сценарийде қамтылған. Телехикаяда жастарға қазақтың салт-дәстүрі мен тілін, тарихын, ұмытпайық деген сөздер жиі айтылады. Қазіргі таңда жастардың бәрі әлеуметтік желінің соңында кетті», – деді актер.

Актер Қарагөз Тілеубекова кино да ойнайды дегенді естігенде қатты қуанғанын жеткізді.

«TikTok House-2 сериалында Қаракөз ойнайды дегенде қатты қуандым. Себебі біз бұрыннан келе жатқан доспыз», – деді ол.

Ал Қарагөз Тілеубекова Асылбек Боранбаймен киноға түсу оңай болғанын айтты.

«Біз TikTok House-2 телехикаясында ғашықтардың рөлін сомдаймыз. Мен де Асылбек Боранбайды алдық дегенде қуандым. Екеуіміз өнерде жүргеннен кейін әртүрлі рөлді сомдадық. Бізге ғашықтардың рөлін ойнау оңай болды», – деді Қарагөз Тілеубекова.

Айта кетейік, TikTok House-2 сериалы 21 ақпаннан бастап «Алматы» телернасынан кешкі сағат 22:15-те көрсетіледі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

актер
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир