Көп ұзамай ол түсірілім алаңынан шығып кетеді
Gettu Betr исландиялық телешоу қатысушысы батырманы басып үлгермегеніне ашуланғаны сонша, өзін-өзі ұстай алмай студияны қирата бастаған, деп хабарлайды Amaty.tv тілшісі 365info.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарсыластар оны бір секундқа басып озды, содан кейін ер адам алдымен өзі тұрған подиумды жұлып алды. Шыны құрылым еденге құлап, шашылып қалады. Викторина жүргізушісі Кристиана Арнарсдоттир (Kristjana Arnarsdóttir) қатысушының мінез-құлқына таң қалады.
Көп ұзамай ол түсірілім алаңынан шығып кетеді, бірақ әрі қарай да жан жағындағы заттарды лақтыруын доғармайды. Бағдарламаның қалған қонақтары мен жүргізушісі біршама уақыт бұған назар аудармайды. Тек қатысушылардың бірі: «Ого, бұл жерде не болып жатыр?» деп сұрақ қояды. Содан кейін Арнарсдоттир қолайсыздықты басу үшін жарнамаға үзіліс жариялайды.