|
28.04.2021 | 13:24
3713

Жазира Байырбекова ерекше ұсыныс жасады

Әншіні балалар үйіндегі бүлдіршіндердің тағдыры алаңдатады

Жазира Байырбекова ерекше ұсыныс жасады Фото: ашық дереккөзден алынды

Әнші Жазира Байырбекова Қазақстандағы балалар үйі мен қарттар үйін біріктіруді сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі nege.kz-ге сілтеме жасап.

Әншіні балалар үйіндегі бүлдіршіндердің тағдыры алаңдатады.

«Мені көп толғандыратын мәселе: Еліміздегі балалар үйінің бүлдіршіндері аш емес. Оларға материалдық көмек жасайтындар көп. Бірақ, балаға қарайтындар (нянялар) қаншама мейірімді болғанымен бәріне бірдей керек кезінде махабат бөле алмайтыны үшін жаным ауырады. Адамға,балаға мейірім мен көңіл бөлініп тұрса қара нан мен қара су болса да жетеді емес пе?!

Мен жеке басымның, отбасымның мәселесімен өкіметтен бір нәрсе сұрамадым. Бірақ, Мемлекет басшыларынан балалар үйі мен қарттар үйін біріктіруді сұрағым келеді. Мүмкін менің осы жазбам өкімен басшыларының бір мейірімдісінің құлағына жетіп қалар. Қарттар үйі мен балалар үйін біріктірсе біраз жүректер мейірімге толар еді»,— деп жазды әнші.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир