|
24.12.2021 | 12:47
3515

2021 жылы бір күнде танымал болған жұлдыздар Almaty.tv-де

2021 жылы бір күнде танымал болған жұлдыздар Almaty.tv-де aa.com.tr

2021 жылы желі арқылы жарқ етіп шыққан жұлдыздар саны көп болды. Олардың арасында талантымен көпшілікті таңғалдырып, бір күнде жұлдызға айналғандар да бар. Осы орайда Almaty.tv тілшісі желі арқылы жетістікке жеткен төрт жұлдызға шолу жасап шықты.

Олардың бірі сылақ сылап жүріп ән салса, екінші бір сәтте үш адамның суреттін қатар салып көпшілікті таңғалдырды. Сонымен қатар олардың ішінде бір аяғынан айырылса да, тағдырдың сынағына сынбай, мың бұрала би билеп, елдің ықыласына бөленген бойжеткен де бар.  

Олардың бірі – Гүлмайдан есімді сылақшы қыз. Ол – құрылыста жұмыс істеп жүріп, жұлдызы жанған әнші. Оның желіде қазақ және шет тілдерде орындаған әндері көпшілікті таңғалдырды. TikTok және Instagram желілерінде қаралым саны бірден артып, бірқатар телебағдарламаға шақырту да алды. Сондай-ақ талантты қыздың талабын байқаған әнші Сәкен Майғазиев Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында аяқсыз қалған оқуын қайта жалғастыруға мүмкіндік берді.

Желі арқылы «Қойшы бала» атанып, үлкен сахнаға аяқ басқан өнерпаздың бірі Айдос Кәден. Ол бір күннің ішінде TikTok желісінде 17 млн қаралым жинап, жұлдызға айналды. Айдос Кәден – Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылында туып-өскен. Қазіргі таңда «Қойшы бала»  әнші Жігер Ауыпбаевтың шәкірті.

Қазақтың Маюриі – биші қыз Аружан Рашид. Ол тойда бір аяқпен мың бұрала би билеп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Бір аяғы жоқ болса да, рухын түсірмей, батыл қадамға барғанын көпшілік ерлік деп бағалады. Олар Аружанға "қазақтың маюриі" деп те ат қойды. Аружан Рашидтің жасы 17-де. Ол дүниеге келген кезде бір аяғы екінші аяғынан 5 см-ге қысқа болған. Бойжеткенге осы күнге дейін 7 рет ота жасалған. Дегенмен сонғы отада дәрігерлер бір аяғын кесуге мәжбүр болған.

TikTok желісінде көпшілікті таңғалдырған қыз - Әсел Сабыржанқызы. Ол бір мезетте үш адамның суретін қатар салады. Төрт жасынан сурет салып бастаған қыз алдағы уақытта төрт адамның суретін қатар салуға ниетті. Қазіргі таңда Әселдің портреттері жастар арасында кеңінен танымал. Ол Бауыржан Момышұлы, Батырхан Шүкенов, Геннадий Головкин сынды ел мақтаныштарының суретін салған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Автор

автор Назым Қыдырбайқызы
Назым Қыдырбайқызы
редактор

MAQALADA

желі
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир