«Байдың қызы аламын» әні TikTok әлеуметтік желісінде хит болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Миллиондаған оқырманы бар атақты тиктокерлер осы ән арқылы жаңа тренд жасады, онда олар қазақ тілінде ән айтып, би биледі. Бұл челленджді өзге де TikTok қолданушылары қолдап, бас-аяғы 30 мың адам бұл әнмен видео жүктеді. Олардың қатарында Даня Милохин, Аня Антигрустин, Юлия Гаврилина, Hype house-тан Вероника сынды TikTok жұлдыздары бар.
«Байдың қызын аламын» әні арқылы әлеуметтік желіде қазақ тілінің танымал болуына ықпал еткенін айта кетейік.
TikTok – әлемдегі ең танымал әлеуметтік желінің бірі. 2014 жылы қытайлық бағдарламашылар Алекс Чжу мен Луис Янг Musical.ly бағдарламасын жасап шығарды. Онда 15-тен 60 секундқа дейінгі музыкалық видеолар жасап, өзгелермен бөлісуге болады. Musical.ly TikTok-ты халықаралық нарыққа бағыттап, тез танымал бола бастады. Бағдарламаны жалпы саны 1 миллиард рет жүктеген. TikTok-тың күнделікті аудиториясы 800 миллионнан асады.