Әннің орындаушылары – София Рейес пен Шон Пол
Диджей Иманбек Dancing On Dangerous атты жаңа трегін шығарады. Ән 9 сәуірде шығады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Әннің орындаушылары – София Рейес пен Шон Пол. Иманбектің жанкүйерлері жазбаға түсініктеме беріп, алдағы шығарылымды асыға күтетіндіктерін атап өтті.
Күні кеше бір сұхбатында Иманбек қазақстандық әнші The Limba-мен бірлескен трек дайындап жатқанын айтты.
Еске салайық, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің(Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің «Roses»әніне жазған ремиксі «Грэмми» алды.
Иманбек «Грэмми» сыйлығына ұсынылған және оны жеңіп алған алғашқы қазақстандық болды.