|
13.05.2023 | 13:42
13380

Ерке Есмахан неге той жасаудан қорқатынын айтты

Ерке Есмахан алдағы уақытта той көйлегін киіп, фотосессия жасайтынын айтты

Ерке Есмахан неге той жасаудан қорқатынын айтты instagram.com

Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм екеуінің үйлену тойын жасайтын-жасамайтыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке  тілшісі.

Әншіден оқырманы "Үлкен той бола ма?" деп сұраған.

Ерке Есмахан алдағы уақытта той көйлегін киіп, фотосессия жасайтынын айтқан, бірақ той жасайтын ниеті жоқ екен.

"Той болмайды! Ақылдаса келе солай шештік. Біздің той тағы у-шу, телефон ұстаған қонақтар, тікелей эфирлер, тағысын тағы. Ойласам шаршаймын. Тойсыз-ақ бақытты жанұя болып, балалы-шағалы болып, сосын 5-10 жылдық той жасармыз. Алла жазсын", – деп жауап берді әнші.

Еске салайық, мұның алдында әнші Ерке Есмахан мен Райм заңды түрде неке қиған еді. Олар некесін 4 сәуірде, Ораза кезінде, Түрксіб ауданының АХАТ бөлімінде қиған.

"Ешкімді шақырмадық. 20 минутта бәрі қарапайым өтті. Неге бәрі тіпті қарапайым болды демеңіздер, біз үшін ең бастысы - отбасымыздың бақыты", – деді әнші.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир