|
29.09.2022 | 13:44
15233

Төреғали Төреәлі гидті соққыға жыққаны рас па - полиция пікір білдірді

Тексеру шаралары басталды

Төреғали Төреәлі гидті соққыға жыққаны рас па - полиция пікір білдірді aikyn.kz

Әлеуметтік желіде әнші Төреғали Төреәліге қатысты видео тарады.  Онда Алматы облысындағы Көлсай көлінде әншінің гидке қол жұмсағаны жайлы айтылған. Кадр сыртындағы дауыстарға қарағанда әншінің мұндай әрекетіне гидтің оған дұрыс қарамағаны себеп болған. Оқиғаға қатысты Алматы облысы полиция Департаменті арнайы пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Тексеру шаралары басталды.Алматы облысы полиция Департаментінің басшысының тапсырмасы бойынша мән-жайды анықтау Кеген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жүктелді. Жүргізілетін іс-шаралар барысы мен нәтижелері Алматы облысы полиция Департаментінің бақылауында", -  делінген хабарламада. 

Сондай-ақ видеода куәгерлердің пікірі келтірілген. Олардың бірі Төреғалидың гидті жөнсіз балағаттап, қабағын жарып, бірнеше дене жарақатын салғанын айтады.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир