|
03.06.2020 | 13:45
5089

Димаш Құдайберген: Расизмге жол жоқ

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды

Димаш Құдайберген: Расизмге жол жоқ Димаш Кудайбергенов / instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген афроамерикалық полицей Джордж Флойдтың өліміне қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Жаман ұлт болмайды, тек жаман адамдар болады. Олар кез келген жерде болды. Менің афроамерикалық достарым бар, олармен жақсы қарым-қатынастамыз, олар өте талантты. Әлемде расизмсіз елестетіп көріңізші! Барлық адам тең. Ерте ме, кеш пе барлығымыз Құдайдың алдына барамыз. Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын, мұнда біз тек қонақпыз. Расизмге жол жоқ», – деп жазды Димаш.

Еске салайық, Флойдты полицейлер 25 мамырда ұстаған болатын. Содан соң бір полицей сегіз минут бойы тізесімен мойнынан басқан. Флойд қарсылық білдірмеген, қолында кісен болған. Оның өлімінен кейін елде жаппай наразылық шаралары басталды. Жаппай тәртіпсіздік әлі күнге дейін жалғасып жатыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир