Бұл сәтті әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады
Алтынай Жорабаеваның күйеуі қайын атасына көлік сыйлап қуантты. Бұл сәтті әнші өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv
«Құрметті достар, жолдасым әкеме су жаңа көлік сыйлады. Алла разы болсын. Алла пейіліңе үйіп-төгіп берсін. Екеуімізге жұғысты болсын.
100 жасаңыздар, әкетайым, анашым! Әлішердің әкесі, папамыз өмірден өткен, жаны жәннатта болсын. Ал мамамызды Нұр-Сұлтанға көшіріп, пәтер алып берді. Ең кіші інісі Алла қаласа болашақ келінмен мамыздың қолында тұрады. Ата-ананы қуанту үлкен бақыт», – деп жазды әнші.
«Жарайсыңдар Алтуша. Асқар тау әкешіңнің жаңа жасы қайырлы, құтты болсын!» – деді Қарақат Әбілдина.
«Құтты болсын! Ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін!» – деп жазды әзілкеш Олжас Сыдықбек.
«Құтты болсын. Сендерге Алла разы болсын, ата-аналарыңды қуанта беріңдер», «Құтты болсын, Алтынай, бақытты бол», «Құтты болсын! Бізге жұғысты болсын!», «Құтты болсын! Бізге жұғысты болсын!» – деп жазды желі қолданушылары.