Әнші «Алматы» телеарнасының көрермендеріне тікелей эфирде ән айтып берді
Италиядан Қазақстанға келіп, әншілігімен танылған Сон Паскаль «Алматы» телеарнасындағы «Таңғы студио» бағдарламасының қонағы болды. Бағдарламада ол қазақ қызының өзіне қандай жар болып жүргенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
2000 жылдары Қазақстанға келген Сон Паскаль қазақ тілінде ән шығарып, көпшілікке таныла бастады.
Жақында ғана ол сүйіктісі Айсанамен отбасын құрып, қазір бақытты екендігін атап өтті.
«Ия, мен жақында үйлендім. Қазақ халқына күйеу баламын! Себебі қазақ қызын жар етіп алдым! Айсананың мінезі жақсы, мейірімді әрі төзімді. Себебі менің мінезімді түсініп, соған шыдап жүр. Әйтпесе музыкантпен өмір сүру оңай емес, біздің көңіл-күйіміз жиі өзгереді», – деді Паскаль.
Әнші әйелімен қалай танысқанын және оның мінезі қандай екенін «Таңғы студио» бағдарламасында айтты.