Ол Алла Пугачеваның «Не отрекаются любя» әнін орындады
Қазақстандық әнші Әділхан Макин ресейлік «Голос» ән байқауына қатысып, әділ-қазыларды өнерімен тәнті етті, деп хабарлайды Almaty.tv
27 жастағы Әділхан Алла Пугачеваның «Не отрекаются любя» әнін орындады.
Бұл ән 1978 жылы «Зерколо души» альбомына еніп, «Песня-77» фестивалінің лауреаты атанды.
Жобадағы төрт тәлімгердің екеуі оған бұрылып, қазақстандық әншінің дауысы ерекше күшке ие екенін атап өтті.
«Дауысын өте ерекше. Жақсы орындап шықтын. Мен Димаштан кейін, ештеңеге таңғалмайтынмын. Ал бүгін сен мені таңғалдырып отырсың», – деді Градский.
Әділхан Макин өзінің тәлімгері ретінде бірінші болып бұрылған Градскийді таңдады.