Өзі режиссер, өзі продюсер, демеуші әрі басты рөлде ойнайды: Анар Батырхан қандай сериал түсіріп жатыр

18.01.2021 19:38

Бұл туралы блогер «Алматы» телеарнасының «Таңғы студио» бағдарламасында айтты

Блогер, актриса Анар Батырхан сериал түсіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы блогер «Алматы» телеарнасының «Таңғы студио» бағдарламасында айтты.

«2020 жыл үйде отырдым. Соның арқасында тың дүниелер келді. Сериал түсіріп жатырмын. Өзім басты рөлде ойнаймын, өзім режиссер, өзім продюсер, өзім демеушімін», – деді актриса.

Актриса сериалдың монтажын да өзі жасаған. Әрі өзі костюмер, гример, художник болғанын мақтанышпен айтты.

Актриса, блогер Анар Батырханның қандай сериал түсіріп жатқанын, туындының қашан, қайда жарыққа шығатынын «Таңғы студио» бағдарламасынан біле аласыздар.