Олар Black Star Burger-дің ашылуын тойлаған
Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Royal Tulip Almaty қонақүйіндегі жиынға байланысты істе жаңа деректер анықталғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Медеу ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мәліметінше, қазақстандық әнші Бүркітке (Айбек Жансейітов - ескерт.) ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша 30 АЕК-ке (87 мың теңге) айыппұл салған.
«Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері іс-шараның қалған қатысушыларына мониторингтік топ шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр, оларға да әкімшілік шаралар қабылданады», – деді департамент басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.
Айта кетейік, 8 тамызда карантинді бұзып Royal Tulip Almaty қонақүйінде жұлдыздар қатысқан шара өткен. Олар Black Star Burger-дің ашылуын тойлаған.