|
20.01.2024 | 14:49
5582

Пласидо Доминго мен Димаш Құдайберген дуэт болып опера айтты

Музыканттардың видеосы әлеуметтік желіде тарады

Пласидо Доминго мен Димаш Құдайберген дуэт болып опера айтты Кадр из видео: YouTube/Dimash Qudaibergen

Димаш Құдайберген мен испандық опера әншісі Пласидо Доминго Будапешттегі Франц Лист атындағы музыка академиясының сахнасында Жорж Бизенің «Інжу іздеушілер» операсынан дуэт орындады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.

Тікелей эфир халықаралық жобаның YouTube арнасында көрсетілді.

Конкурс сахнасында әлемге танымал қос жұлдыз – қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген мен испаниялық опера әншісі Пласидо Доминго дуэт болып өнер көрсетті. Олар Жорж Бизенің 1863 жылғы «The pearl Fishers» операсын орындады.

П.Доминго бұл жобада – халықаралық қазылар алқасының төрағасы. Биыл алғаш рет төрешілер құрамына Д.Құдайберген де енді.

Айта кетейік,  4 мамырда Будапеште Димаштың жеке концерті өтеді.

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген Жаңа жыл түні Қытай телеарнасының эфирінде өнер көрсетеді


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир