Баян Мақсатқызы бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды
Продюсер Баян Алагөзова аурухананың кардиология бөліміне түсіп қалды. Баян Мақсатқызы бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі kznews.kz-ке сілтеме жасап.
«Кардиология бөлімінің палатасынан жазып отырмын. Дәрі тамызып жатқан сурет жариялап, шағымдануды ұнатпаймын. Жай ғана балконда отырып, фонтанға рахаттана қарап отырмын.
Біздің дәрігерлер өз ісін біледі. Бірнеше укол мен екі таблетка береді, әсерінен жай ғана ұйықтағың келеді. Ертең таңертеңнен анализдер, удз, қысқасы жүгіріс», – деп бөлісті Алагөзова.
Күні кеше ғана танымал продюсер бір аптадан бері көңілсіз жүрмін деп ағынан жарылған еді. Баянның жүрегі ауырғанға ұқсайды. Аяқ астынан ауруханадан бір-ақ шыққан Алагөзова өмір жайлы сыр шертті.
«Әлдебір күш саған бір сәт тоқтап, жұмыс пен отбасыға барыңды беріп жүрген кезде, өзіңе көңіл бөлуге белгі береді. Әртүрлі жағдайларды бастан өткеріп, байламға келіп, иіліп, сынып, барлығы үшін «жақсы» болуға тырысасың…
Мүмкін жақсы, үлгілі, адал, интеллигентті болудың қажеті жоқ шығар. Себебі адамдар оны әлсіздікке балап, сені пайдалана бастайды. Жоқ, бұл – әлсіздік емес, күш.
Адам өзін құрметтегенді қаласа, өзі құрметтеуі, жақсы көргенді қаласа – жақсы көруі, өзгелердің қабылдағанын қаласа – өзі қабылдап үйренуі тиіс. Басқаша бұл жұмыс істемейді.
Дәл осы ресурс менде біткен сияқты, тек Сенім жоғалған жоқ. Адамдарға деген сенім мені «мен» етеді», – дейді Мақсатқызы.
Сырт көзге қатал көрінгенімен, талай арудың бағын жаққан продюсердің де жүрегі темірден емес. Қаншама жыл еңбек етіп, елдің сөзіне шыдағанның кері әсері Алагөзоваға енді біліне бастаған сияқты.
«Өкінішке қарай, адамның жүрегі темірден емес. Бірақ солай болғанын қалар едім. Шынымды айтайын, маған оңай емес.
Бірақ бұл бар болғаны біреудің өмірі, тағдыры. Онда қуаныш пен қайғыға орын бар. Мына ғаламдағы кезекті ұнтақ, бірақ ол менікі және мен оны жақсы көремін», – деп жан сырын ақтарды ол.