Есентай мен Разия: махаббатқа ұласқан достық

11.10.2021 14:23

Бұл туралы ол «Алматы» телеарнасының Paparazzi бағдарламасында айтты

Almaty.tv

Есентай мен Разия – романтикаға толы видеолары мен посттары ең көп қаралым жинайтын ғашықтардың қатарында. Алғашқыда өзара сезімі достықтан басталғанымен, оқырмандары екі жасты әлдеқашан жұптастырып үлгерген. Кейін өздері де ресми түрде растады. Бұл туралы олар «Алматы» телеарнасының Paparazzi бағдарламасында айтты.

«Жүріп жүргенімізге 3 ай болды. Біз одан бұрын жүрген жоқпыз, дос болып жүрдік. 3 ай бұрын ол маған сөз салды, сосын біздің махаббатымыз басталды», – деді ол.

Блогер арудың көңілін табу жолында біраз тер төккен Есентай кейін қыз назарын өзіне аударды. Сезімін сезіндіру үшін бірбеткейлік танытқан жігітке Разияның да құрметі ерекше, тосын тартулары да жетерлік.  

«Жігітке сыйлаған сыйлықтарды Instagram-ға салған біртүрлі деп ойлаймын. Есентай ондай нәрсені салмайды, бірақ бір-бірімізге жеткілікті уақыт бөлеміз. Бір-бірімізге тосын-сый жасаймыз, оның бәрін Есентай көрсетпейді», – дейді Разия.

Болашағын бұл жігітпен байланыстырған Разиюша, Есентайды анасымен де таныстырып үлгерген. Арудың айтуынша, күйеу бала келешек қайын енесінің көңілінен шыққанға ұқсайды.

«Анам Есентайды ұлы ретінде қатты жақсы көреді. Екеуміз жайлы бірінші анам хабардар болды.  Біз үшін риза болды», – деп атап өтті ол.

Екі жас отбасылық өмірге қадам басса, Разия да қайын жұрттың разылығына бөленуді қалайды, жақсы келін атануға да тастүйін дайын. Ендігі қадам Есентайдың ұсынысында. Толығырақ Paparazzi бағдарламасынан көріңіз.