Танымал актер әрі тележүргізуші Рахман Омар карантинге қарамастан әйелінің туған күнін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өнер иесінің жары актриса Ақмарал Дайрабаева 40 жасқа толды. Ол туған күн мерекесін мейрамханада туған туыс пен дос-жарандарының арасында тойлады. Олардың қатарында танымал әншілер Мейрамбек Беспаев, Ғазизхан Шекербеков, композитор Арман Дүйсенов те болды. Сондай-ақ Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрындағы әріптестері Азамат Сатыбалды, Гүлбаһрам Ахат, Ерден Жақсыбеков, Әсет Иманғалиев, Толқын Нұрбекова да бой көрсетті.
Кештің ең әсерлі тұсы Ақмарал Дайрабаеваның жолдасы Рахман Омар «МузАРТ» тобының репертуарындағы «Ақмаралым» әнін Мейрамбек Беспаевпен бірге орындады. Атын әнге қосқан сәтте туған күн иесі көзіне қуаныштан жас алды.
Айта кетейік, бүгінде жұбайлар 3 баланы тәрбиелеп отыр.