|
25.11.2021 | 15:11
757

Димаш ресейлік "Виктория" музыкалық жүлдесіне ұсынылды

"Жыл әншісі" санаты бойынша сыйлыққа Дима Билан, Леонид Агутин, Jony, Филипп Киркоров сынды танымал әртістер ұсынылған

Димаш ресейлік "Виктория" музыкалық жүлдесіне ұсынылды Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік "Виктория" музыкалық жүлдесіне ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар мәліметінше, марапаттау рәсімі 2 желтоқсанда Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайында өтеді.

"Жыл әншісі" санаты бойынша сыйлыққа Дима Билан, Леонид Агутин, Jony, Филипп Киркоров сынды танымал әртістер ұсынылған. Бұл номинацияда Димаштың "Я скучаю по тебе" әні сарапқа түседі.

"Жыл композиторы" номинациясына Димаштың тағы бір шығармасы – Ave Maria ұсынылды, авторы Игорь Крутой. Ән алғаш рет Сочидегі "Новая волна - 2021" фестивалінде орындалған болатын.

Айта кетейік, 2019 жылы Димаш екі номинация – "Жыл ашуы" және "Классикалық музыкадағы үздік орындаушы" номинациялары бойынша "Виктория" жеңімпазы атанған еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир