|
26.09.2021 | 15:12
1034

Димаш Азияның 100 сымбатты жігіті рейтингінде әлі көш бастап тұр

Дауыс беру 30 қыркүйек күні аяқталады

Димаш Азияның 100 сымбатты жігіті рейтингінде әлі көш бастап тұр ҚазАқпарат

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде (Азиядағы ең сымбатты 100 жігіті) әлі көш бастап келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Kingchoice.me сайтында жүргізіліп жатқан дауыс беру 30 қыркүйек күні аяқталады. Ал бүгінгі деректерге сәйкес, жанкүйерлерінің 7 млн 798 мың дауысын жинаған Димаш Құдайберген бірінші орында тұр. Ал екінші орындағы Оңтүстік Кореяның BTS тобының солисі Ким Сокджин (Kim Seokjin) 7 млн 371 мың дауыс жинаған. Үздік үштіктің қатарында тағы корейлік өнер иесі бар. Актер Ча Ынудың 1 млн 350 мың дауысы бар. Айта кетейік, 19 қыркүйекте «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде «King Choice» рейтингінде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын іске қосқан болатын. 

«Jas Otan» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев та әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды отандасымызға дауыс беруге шақырған еді. Бұл үндеу жасотандықтар арасында челленджге ұласты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир