Соңғы уақытта отбасылық өмірі жиі талқыға түсетін Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасына қатысты біраз шындықтың бетін әншінің жұбайы ашпақ. Бұл туралы ол «Алматы» телеарнасындағы Рaparazzi бағдарламасында айтып берді.
«Біздің отбасымыз жайлы өсек бар, болған. Ол әуел бастан сондай. Қазіргі кезде де айтылып жатыр, айтылады да. Шаңырақ көтерген күннен бастап бізді «ажырасып кеткен»,«әйелінің түрі ұсқынсыз» не болмаса «екеуі ажырасып басқа жақта тұрады», – деген сөздерді көп еститінмін. Ол жылдары ештеңе деп айтқан жоқпын. Бірақ шыдап жүрдім. Қазірдің өзінде де біз туралы айтып жатқан өсек-аяң өте көп», – деді Жұлдыз.
Ажырасу тақырыбының төңірегінде ғаламторда кеңінен тараған түрлі ақпараттар, желіде желдей ескен қауесет пен қаңқу сөздерден шаршаған Жұлдыз Әбдікәрімова оның жеке өмірін талқыға салғандарды сабырға шақырды.
«Мен былай айтар едім: қандай да бір менің отбасыма, жеке өміріме байланысты жаңалықтар болып жатса, мен өзім ресми түрде, ресми парақшамда хабарлайтын боламын. Дәл қазір менің отбасым жайлы айтылып жатқан сөздерге мен көңілімді түсіріп, уайымдамаймын. Олармен күресіп, ешкімге ақталмаймын да, дәлелдемеймін де», – деді ол.