|
21.08.2021 | 17:40
9397

Димаш Құдайберген көпшілікке «Strangers» атты жаңа әнін таныстырды

Димашқа Сәкен Майғазиев, Ержан Максим сияқты қазақстандық әншілері мен шетелдік Элен Сегара сәттілік тіледі

Димаш Құдайберген көпшілікке «Strangers» атты жаңа әнін таныстырды Фото: dimashnews.com

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген көпшілікке өзінің Strangers атты әнін таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Strangers» әнін сіздер менің YouTube каналымнан толық көре аласыздар»,– деп жазды әнші әнінің видеоүзіндісінің астына. 

Димашқа Сәкен Майғазиев, Ержан Максим сияқты қазақстандық әншілері мен шетелдік Элен Сегара сәттілік тіледі. Димашқа тіпті әйгілі «Челси» және «Порту» сияқты футбол командаларының бұрынғы ойыншысы Паулу Феррейра да ізгі тілегін білдірген. 

Айта кетейік, Димаш 19 тамыз күні Сочидің Олимпиада паркінде өткен «Новая волна 2021» фестивалінің ашылу рәсімінде өнер көрсетті. Димаш онда 2020 жылдың 8 наурызында дизайнер Валентин Юдашкиннің мерейтойлық кешінде таныстырылған «Your Love» әнін орындады. Ресейлік композитор Игорь Крутойдың бельгиялық әнші Лара Фабианның сөзіне жазылған New Wave Hall әні тұңғыш рет орындалды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир