|
10.04.2022 | 18:02
6091

Димаш Германияда "Ұмытылмас күн" әнін тыңдармандарымен бірге шырқады

Әншінің шоуын тамашалауға Еуразия, Америка, Африка, Австралиядан көрермендер келді

Димаш Германияда "Ұмытылмас күн" әнін тыңдармандарымен бірге шырқады

Димаш Құдайберген алғаш рет Германияда концерт өткізіп, Дюссельдорф қаласындағы ISS Dome аренасында көрермендермен бірге қазақ тілінде ән шырқады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әншінің шоуын тамашалауға Еуразия, Америка, Африка, Австралиядан көрермендер келді. Димаш тыңдарманына пандемияға дейін басталған «ARNAU» турының жаңартылған бағдарламасын ұсынды. Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев Ғacebook парақшасында жазды. 

Ол "Германия. Дюссельдорф. "Ұмытылмас күн" үшін көп рахмет, достар! Бұл ән Димаштың музыкалық колледжде оқып жүргенде шығарған композиторлық туындысы. Сөзін жазған Орал-Қосай Байсеңгір ағасы" - деп жазып Димашпен бірге ән шырқаған көрермендердің видеосын салды.

Айта кетейік, Димаш кеш барысында ағылшын, итальян, француз, орыс, қытай тілінде ән шырқады. Дегенмен концерт бағдарламасының басым бөлігінде ана тілінде ән айтты.

Кеш соңында Димаш көрермендерге көп ұзамай Прагада кездесуге уәде берді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир