|
03.10.2020 | 16:14
7462

Американың MTV арнасында Димаштың қазақ тіліндегі клипі көрсетілді

Димаш Құдайберген – MTV арнасына қазақша әнімен шыққан тұңғыш әнші

Американың MTV арнасында Димаштың қазақ тіліндегі клипі көрсетілді стоп-кадр

MTV USA арнасында Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі бейнебаяны көрсетілді. Осылайша, Димаш – MTV арнасынан қазақ тілінде ән салған тұңғыш әнші болды, деп хабарлайды Almaty.tv  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Телеарнада және арнаның YouTube-тегі ресми парақшасында «MTV’s Friday Livestream» бағдарламасында Димаштың «Qairan Elim» әнінің бейнебаяны көрсетілді.

Димаштың MTV-дегі тұсаукесерін Dimash USA fan Club жанкүйерлерінің Instagram парақшасынан тамашалауға болады.

Сонымен бірге, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі де әнші мен оның жанкүйерлерін америкалық арнадағы табысымен құттықтады.

«Димаш «MTV’s Friday Livestream» бағдарламасындағы ең сұранысқа ие әртіс атанды», - деп жазды елшілік.

Бейнебаянды MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы әлемнің кез келген елі тамашалай алады.

«Менің тыңдармандарыма, әлемнің әр түпкіріндегі менің өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес, төрткүл дүниедегі Dear-ларымның қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз», – деп Димаш өз лебізін білдірді.

Бейнебаян Нью-Йорк уақытымен жұма күні 17:00 мен 20:00 аралығында, ал Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 03:00 мен таңғы 06:00 аралығында көрсетілді. Бұл – Америкададағы прайм-тайм уақыт. Дәл осы уақытта MTV арнасын ең көп көрермен қарайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир