Дариға Бадықова: Кей әріптесіміз халық танымай жатса да атақ алады

instagram парақшасынан
instagram парақшасынан
Cоңғы кездері Дариға Бадықова әншілік қырымен де танылудың қамына кіріскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Отандық фильмдер мен телехикаялар арқылы көрерменге жақсы таныс Дариға Бадықованың ел арасында атағы аспандап тұрса да, мемлекет тарапынан марапаты жоқ екен. Тіпті, актриса соңғы посттарының бірінде өзін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері мәртебесіне лайық екенін астарлап жазған болатын. Бұл туралы «Алматы» телеарнасының Paparazzi бағдарламасына берген сұхбатында актриса толығырақ айтып берді.

«Негізі, әзілді түрінде жазылған еді. Халық танымайтын болса, атақ алған да ұят шығар деп ойлаймын. Атақты халық береді. Дегенмен беріп жатса, алмаймын демейсің ғой. Мысалы, кей әріптесіміз халық танымай жатса да, атақ алып жатады. Мен «Халық бізді таниды, болды, бізде атақ бар» деген секілді мағынада жаздым», –  дейді актриса Дариға Бадықова. 

Айта кетейік, соңғы кездері Дариға Бадықова әншілік қырымен де танылудың қамына кіріскен. Актриса жуырда ғана әнші Серік Ибрагимовпен дуэт жазып, өзбектің әуенін қазақ тілінде шырқап жүр.

Новости партнеров