Киелі сахнаның еркесі - Мақпал Жүнісова 60 жасқа толды

Мақпал Жүнісованың жеке архивінен
Мақпал Жүнісованың жеке архивінен
Желі қолданушылары өнер иесін құттықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова мерейлі 60 жасқа толды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Әншінің жанкүйері қуанышты күнге орай оған мұрағаттағы видеолардан ерекше сый жасады.

- Жанар жанкүйерімнің құттықтау видеосына үлкен рақмет! Жанаржан, отбасыңмен ғұмырлы болыңыз! - деп жазды әнші.

Сонымен қатар Мақпал Жүнісова жақындарынан да ерекше сыйлық алып жатқанын, тіпті гауһар тастай әшекейлер алғанын айтты.

Желі қолданушылары өнер иесін 60 жасымен құттықтады.

- Туған күніңмен Мақпал, денсаулық, ұзақ ғұмыр, Мерейдің жақсылығына, қуанышына тоймай жүре беріңіз! Әсем әніңмен тыңдармандарыңды тербей бер! 

- Туған күніңізбен! Құттықтаймын! Мықты денсаулық тілеймін! 100 жасаныз!!!

- Киелі сахнаның гүлі ғой! Мақпалжан, жайнап жасай бер! - деп жазды олар.

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова 1963 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында дүниеге келген. Ол - кеңес және қазақ эстрада әншісі, профессор. Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, халықаралық конкурстардың лауреаты.

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген Жаңа жыл түні Қытай телеарнасының эфирінде өнер көрсетеді

Новости партнеров