|
06.04.2021 | 17:12
15112

Иманбек Зейкеновтің табысы қанша

Қазір менің бір концертім 10 мың еуродан басталады

Иманбек Зейкеновтің табысы қанша ашық дереккөзден

«Грэмми» сыйлығын алған диджей әрі продюсер Иманбек Зейкенов қазір қалай атақты адамға айналып, зор табысқа ие болғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі qadam.asia-ға сілтеме жасап.

«Қазір менің бір концертім 10 мың еуродан басталады. Бірақ нақты бір концерттен қанша табатынымды дәл айту қиын. Алайда қазірге дейін қанша қаржы тапқанымды айта аламын. Шамамен қазір 10 млн рубль (56 млн теңге шамасында) қаржы таптым», – деді Иманбек «По студиям» YouTube-арнасына берген сұқпатында.

Сөз арасында аты әлемге танымал диджей туған-туыстары мен достарының, жерлестерінің арасында қалай атақты болып кеткенін айтты. Бірақ мұндай жалпақшешейлік оған ұнамайтын көрінеді.

«Тіпті, танымайтындардың өзі менің арқамда хайп қуып қалғысы келеді. Мен өмірімде көрмеген адамдардың өзі маған келіп «бұрында балабақшада бірге болып едік қой», «мектепте бірге оқыдық емес пе» деп аяқ астынан таныс адам бола кетеді. Бұл маған ұнамайды. Бірақ сыр білдірмеуге тырысамын», – деп ағынан жарылды Иманбек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир