|
11.09.2021 | 17:20
1788

«Ninety one» тобы америкалық компаниямен келісімшартқа қол қойды

«Орда» тобы мен «Ninety one» бірлесіп концерт бермек

 «Ninety one» тобы америкалық компаниямен келісімшартқа қол қойды Фото: @ninetyone

«Ninety one» тобының жұлдызы жарқырай түспек. Отандық топ шет елдік хореграфтармен әріптестік орнатуды көздеп отыр. Бұл туралы «Алматы» телеарнасындағы Рaparazzi бағдарламасында продюсер Ерболат Беделхан айтты.

«Біз америкалық компаниямен келісімшартқа қол қойдық. Бұл «91» тобын әлемдік нарыққа шығарудың алғашқы қадамы. Келісімнің арқасында шетелдік мамандарды Қазақстанға тартып жатырмыз. Мысалы, біз Алматығы шақырып жатқан Аманде Фернандес есімді биші қыз Ашер, Бейонсе секілді мамандарға би қойған. Қазіргі таңда тек «91» тобына ғана емес, Қазақстанның би әлеміне шеберлік сағатын өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді продюсер.

Айта кету керек, «Орда» тобы мен «Ninety one» бірлесіп концерт бермек.  Бұл кеш – аталған ұжымның 20 жылдық мерейтойына арналады.

«Басты мақсат – сол екі аудиторияның басын біріктіру. Үлкен және орта, жас  буын өкілдерін бір кешке шақыру. Бұл қалай өтеді екен, соны тексеріп көргіміз келді. «Орда» тобына келетін болсақ, біз бейнебаян, ән шығарамыз деген ой жоқ. Бірақ 20 жыл болғандықтан, сондай бір дүние істегіміз келді. Нәтижесін концерт өткеннен кейін көреміз», – деді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ән
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир