Актриса тарихи жәдігерді жарысу емес, көмектесу мақсатында сатып алғанын жеткізді
Отандық кинолентаның тұсаукесерінде ұйымдастырылған аукционда актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова Роза Бағланованың Louis Vuitton қолғабын сатып алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.
Актриса аукционның видеосын Instagram парақшасында жариялады. Ол Роза Бағланова киіп жүрген Louis Vuitton қолғабын 300 мың теңгеге сатып алғанын көрсетті.
- Бұл бағалы заттарды қайырымдылық қорына сыйлық етіп ұсынамын. Басқа аукциондарда олар үлкен ақшаға сатылады. Өз миссиялары (жандарға аукцион арқылы қаражат жинап, көмек беру), орындай берсін, - деп жазды ол.
Актриса тарихи жәдігерді жарысу емес, көмектесу мақсатында сатып алғанын жеткізді. Ал ұйымдастырушы Гүлнұр Мамасарипова аукционнан түскен қаражат толықтай қорға жіберілетінін растады.
Айта кетейік, Роза Бағланованың қолғабын сатып алуға Гүлназ Жоланова да ниет білдірген.
Оқи отырыңыз: Су кет: Марат Омаровтың жаңа әні желіні жарды