Әйелдер достығының символы: ойланбастан 5 миллион бере алады

19.05.2024 22:35

Баян Мақсатқызы мен Динара Сатжанның достығы көпшілікті сүйсіндірді

instagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы "Без мишуры" жобасына сұхбат беріп, онда отбасы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, әйелдер достығы туралы сыр шерткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі jambylinfo.kz-ке сілтеме жасап.

Сұхбат барысында жоба жүргізушісі  Виктория Новичкова Баян Алагөзовадан сенім арта алатын достары туралы сұрап, оның бірінен дәл қазір 5 миллион теңге сұрауын өтінген.

Продюсер көп ойланбай бірден көп жылдан бергі досы Динара Сатжанға  хабарласып, 5 миллион теңге сұраған.

Ал Динара Сатжан досының өтінішін жерге тастамай, сол сәтте оның есеп шотына 5 миллион теңгені аудара алатынын айтқан.

Әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатқан видеоға көпшілік жылы сөздерін жазып, "Баян мен Динара әйелдер достығының символы" деп пікір қалдырған.

Оқи отырыңыз: Сол түні қызым құтқарды: Баян ащы шындығымен бөлісті